ЖАҢА ФУТБОЛ СТАДИОНЫ АШЫЛДЫ

Ауданымыздағы спорт нысандары тағы біреумен толығуда. Ауыл тұрғындарына әсіресе жастарымыздың денсаулықтарын нығайту үшін бүгін Тастөбе ауылдық округінде футбол ойнауға арналған заманауи спорт кешені есігін ашты. Сонымен қатар жастар жылына орай бекітілген кестеге сәйкес «Актив LIFE» жастар керуені болып өтті. Түрлі спорттық ойындар, концерттік бағдарлама, «Буккроссинг» кітап алмасу сөрелері, ақпарат алаңы, жастарды имандылыққа тәрбиелеу бағытында кездесулер өткізілді. Салтанатты шарада алғашқы құттықтау сөзді Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Саханұлы Қасымов алып ауыл тұрғындарын құттықтап, стадионның құрылысына ат салысқан жеке кәсіпкердің атынан жас футболистерге сыйлықтарын табыс етті. Лента кесу рәсімін аудан әкімінің орынбасары мен ауыл ақсақалы жүргізіп жас спортшыларға ақ батасын берді. Шара соңы аудандық мәдениет үйінің концертімен жалғасын тапты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған