«100 жаңа есім»

Балалар жазушысы оқырмандармен жүздесті

Тамыз айының 8 күні Тастөбе ауылдық округінің орталығы Тастөбе ауылында Жастар жылына орай «Белсенді болашақ» атты акция өтті. Осы іс-шара барысында қараталдық жерлесіміз, елімізге белгілі балалар жазушысы Асхат Өмірбаев ауылдағы оқырмандарымен кездесті. 
Тастөбе ауылдық округінің кітапханасы Зереш Шүмекбаева балалар жазушысы Асхат Бақытұлының көрмеге қойылған кітаптарын жұртшылыққа таныстырып, жазушы шығармалары оқырмандар арасында ерекше сұранысқа ие екенін айтты.
Әсерлі әңгіме барысында Асхат Бақытұлы оқырмандарға әр жылдары «Мен сізге ғашықпын», «Туған жер», «Кім ақылды?» секілді кітаптарының қалай жарық көргенін, жазушы болуға бала кезде кітапты көп оқығаны мен өмірден көрген-түйгені ықпал еткенін айтты. Қаламгер әрдайым жақсы шығарма жазу үшін көп ізденетінін, әсіресе балаларды қуанту үшін қызықты әңгіме, ертегі жазуға бет бұрғанын әңгімеледі. Жас оқырмандар Асхат Бақытұлының кітаптарымен таныс екенін, әрбір шығармасы әсерлі жазылып, адамды ойға шомдыратынын айтты. Оқырмандар жазушыға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, кездесу соңында естелікке суретке түсті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған