ТАСТӨБЕ АУЫЛЫНДА ҚАТЫМХАНА АШЫЛДЫ

Тастөбе ауылында қайырымдылық асханасы ашылды. Жалпы ашылу салтанатына келген халықтың қарасы қалың. Бұл ауыл тұрғындары үшін орны бөлек мереке. «Жанашыры болса — жер тозбайды, азаматы болса — ел азбайды» демекші, ауыл азаматтарының жұдырықтай жұмылған ауызбірлігінің арқасында ауыл ортасынан 200 ге жуық орынға арналып салынған қатымхана бой көтерді.

Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Қайрат Саханұлына берілді.

— Құрметті Тастөбе ауылының тұрғындары, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» отырған ауыл халқына мың алғыс. Ауылымызда қандай жағдай болмасын, ауыл азаматтары бір үйдің балалары секілді ауыз бірлікпен еңбек етіп, қолдан келген көмектерін аямауда. Осы нысанға қолұшын берген әрбір адам, кейінгі өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі. Сондықтан құрметті ауыл тұрғындары, сіздердің отбасыларыңызға береке-бірлік, сауапты істеріңіз көп болып, ауылымыздың әрбір тұрғыны алдыға қойған мақсаттарына жете берсін,-деп ақжарма тілегін білдірді.

Келесі сөз тізгінін алған ауданның бас имамы Ерік Аманкелдіұлы :

— Құрметті жиналған қауым, сіздердің жасаған істеріңізді, тілеген дұғаларыңызды Алла Тағала қабыл етеді. Бұл атқарылған істеріңізге сансыз сауаптар жазылады. Жаратқан Алла біздің біліп-білмей істеген істерімізді кешіруі үшін бес уақыт намаз, ниетіміз түзу, ішкен асымыз адал болумен қатар, ата-ананың разылығын алып, әрдайым, дұға етуіміз керек, сонда ғана шексіз сауаптар жазылып, жасаған күнәларымыз кешіріледі, өйткені, Алла Тағаланың мейірімі шексіз. Сондықтан құрметті жамағат, жын-шайтандардың үйінде емес, барлығымыз Мешіттің төрінде кездесуге нәсіп етісін. Ауылдарыңызға береке-бірлік, жүректеріңізге имандылық тілеймін, бүгінгі ауылға деп жасаған істеріңзге Алла Тағалаға береке берсін,-деп сөзін аяқтады.

Құрылыстың бүге-шігесіне дейін жетік меңгеріп, өз тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін беріп, қаржылай қолдап жүрген соңғы шегесіне дейін атсалысқан Жебегенов Мырзахан, Тастөбе ауылдық округінің әкімі Алмас Байгунысов, Асылханұлы Мақсат сөз сөйлеп құрылыс барысында алғашқы кірпішінен, сынды ауылдың біртуар азаматтарына ауыл халқына алғыстарын жеткізді. Мерекелік іс-шара соңында аудан әкімінің орынбасары Касымов Қайрат, ауыл әкімі АлмасАжарханов, ауыл ақсақалы Нурияс атымыз лентасын қиды.

Пікір үстеу