Ауыл әкімінің қолдауымен, ағымдағы жылдың 20 қараша күні Тастөбе ауылдық округінде, Тұңғыш Президент күніне орай, ауылымыздың қызметкерлер арасында жеңіл атлетикадан 3000 метр қашықтыққа жүгіру жарысы өтті. Ұйымдастырушылар: Тастөбе ауылдық округінің спорт, жастар нұсқаушылары және де Жамбыл атындағы орта мектебінің тәрбие меңгерушісі З.Ошақбаева.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында 1- орынды Орынтай Әлібек, 2-орынды Бирлан Нағашыбай, 3-орынды Жакимов Ұлан иеленсе,
қыздар арасында 1-орынды Төлешова Алтыншаш,
2-орынды Мәметбек Айнұр, 3-орынды Төлеу Кенжегул иеленді. Жеңімпаздарға әкімшілік атынан мақтау қағаздары мен бағалы силықтар тапсырылды. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні құтты болсын, әрбір шаңырақ салауатты өмір салтын ұстанайық…

Пікір үстеу