ТҰНҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгінде мемлекетіміз іргетасы берік қаланған, өрлеу мен өркендеу жолындағы Мәңгілік Қазақ Еліне айналуда. Әрине, мұның бәрі де Елбасымыздың сындарлы саясаты мен көрегенділігінің арқасы. Осы орайда Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған салтанатты жиын аудандық Мəдениет үйінде өтті. Жиналған қауымды осынау маңызды мерекемен аудан әкімінің орынбасары Қайрат Саханұлы , Нұр Отан партиясының төрағасы Жандос Қасқырбекұлы құттықтап, əртүрлі салада қажырлы еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарды Алғыс хаттар жəне грамоталарды табыстады. Тастөбе ауылдық округі қызметкерлері Б.Нүсіпбеков және Ш.Арыстан аудандық алғыс хаттармен марапатталды.

Пікір үстеу