«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға мүмкіндігі бар

Гранттар қайтарымсыз және өтеусіз негізде берілетіні де маңызды.

Үміткер ала алатын сома – 200 АЕК, ал бұл жарты миллион теңгеден сәл артық.

Сіздің де өз ісіңізді ашуға барлық мүмкіндігіңіз бар!

Ең бастысы – мәселеге жауапкершілікпен қарау. Тегін қаржылай қолдау алу үшін міндетті талаптарды орындау қажет.

Тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат, ал оралмандар үшін – оралман куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);

3) әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;

4) кәсіпкердің бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Пікір үстеу