Тастөбе ауылдық округі әкімі лауазымына Нұрғалиев Ермек Кәкімбайұлы ұсынылд

Бүгін аудан әкімі Қайрат Найманбайұлы Тастөбе ауылдық округі әкімін ауыл тұрғындарының қатысуымен тағайындады. Байгунысов Алмас Ажарханұлы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, ауылдық округі əкімінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты, 2020 жылдың 16 қырқүйегінен
№ 157-ө-ж/қ аудан әкімінің өкімімен және Алматы облысы әкімінің келісуімен қызметінен босатылды. 2020 жылдың 15 қырқүйекте Тастөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өттіп, Қаратал ауданыдық сайлау комиссиясының шешімі бойынша Тастөбе ауылдық округі әкімі лауазымына Нұрғалиев Ермек Кәкімбайұлы ұсынылды. Нұрғалиев Ермек Кәкімбайұлы – аудан әкімінің 2020 жылғы 16 қырқүйектегі № 158-ө–ж/қ өкімімен – Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабындағы «Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» қойылған талаптарына және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 19-бабы мен 30-бабына сәйкес, 2020 жылдың 17 қырқүйегінен Тастөбе ауылдық округі әкімі болып тағайындалды. Нұрғалиев Ермек Кәкімбайұлы – 1981 жылдың 4 қарашасында Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келген. ЕҢБЕК ЖОЛЫН 2009 жылдың қырқүйек айынан – 2013 жылдың тамыз айы аралығында – «Қаратал аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-заңгері болып қызметін бастаған;2013 жылдың тамыз айы – 2016 жылдың қырқүйек айы аралығында Тастөбе ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.2016 жылдың қырқүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Ордабаева»шаруа қожалығының басқарушы.

Пікір үстеу