#Дүниежүзілік #тазалық #күні » (World cleanup day-2020) акциясы аясында сенбілік өтті

#Дүниежүзілік #тазалық #күні»(World cleanup day-2020) акциясы аясында сенбілік өтті.

Бүгінгі таңда Тастөбе ауылдық округінде күзгі санитарлық тазалық жұмыстары басталып кетті. Дегенмен де бұл жұмыстарға қоғам болып атсалысуымыз қажет. Осыған орай «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы аясында округте 19 қыркүйек күні санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық акциясына округке қарасты ұжым-мекемелер мен ауыл тұрғындары өздеріне бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізлі. Акция барысында тұрмыстық қалдықтар, құрлыс және басқа да қоқыстар қаптарға жиналып округ бойынша 2 тоннадай қоқыс шығарылды. Науқанның негізгі міндеттерінің бірі- тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған

Пікір үстеу