Жоба

Тастөбе ауылдық округінің мекен-жайы :

 

Тастөбе ауылы,  Қарымбай би көшесі № 4, 

тел: 8(7283)42-81-44,  42-81-92.

Округке қарасты елді-мекендер саны -3 ;  Тастөбе,  Бесағаш,  Бірлік

Округтің орталығы : Тастөбе  ауылы, округ әкімі аппаратының ғимараты

Облыс орталығына дейін – 45 км

Аудан орталығына дейін- 35  км

Темір жол станциясына дейін –  35 км

 

Ауылдық округі әкімі аппараты Заңға сәйкес халыққа мына қызметтерді жүзеге асырады

Ауыл азаматтарын қабылдау күні- аптаның сейсенбі, бейсенбі күні сағат 9 ºº – 18 30.

  • Ауылдық округ әкімі аппараты өз басы әкімшілік болу арқылы бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, аудандық маслихаттың бекітуі үшін аудан әкімдігінің қарауына ұсыну:
  • Президент, Үкімет актілерінің, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының, облыс пен аудан және ауылдық округ әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру:
  • Мемлекеттік қызмет ауқымында мемлекеттік саясатты жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік қызмешілерді қызметке қабылдап, босату және ант қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру:
  • Аудан әкімі мен оның орынбасарларын ай сайын ауылдық округ әкімі аппаратының әлеуметтік–экономикалық даму жөніндегі шаралардың орындалуы туралы хабардар ету:
  • ҚР Президенті, Парламент мәжілісі мен мәслихаттар сайлауын өткізу барысында тұрғын- дардың есебін алуды жүзеге асырушы органдардың ұсынуымен сайлаушылардың тізімін дайындау:
  • Ауылдық округ әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қамтамасыз ету:
  • Іс –қағаздарын жүргізу, азаматтарға анықтама беру:
  • Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдану, оларды қабылдауды ұйымдастыру:
  • Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу:
  • Өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру:
  • Тұрғын үй қорының құрлысы мен жөнделуін, жолдарды пайдалану мен күтіп ұстауды ұйымдастыру:
  • Шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызментті дамытуға жәрдемдесу:
  • Өз құзіреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Заңдардың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету:
  • Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру:
  • Табысы аз адамдарды анықтап жоғарғы тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  • Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастыру;
  • Шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру;
  • Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық мәслихаттың сессиясына қатысу;
  • Мектепке дейінгі ұйымдарды, мәдениет және спорт мекемелерін материалдық- техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсету және жәрдемдесу;
  • Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да қызметтерді атқару;
  • Мақсаттағы мемлекттік қызмет түрлері, білім беру, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау, кәсәпкерлік және ауылшаруашылық жұмыстарын басқарып үйлестіру.
  • мал басына ветеринарлық анықтама беру
  • мал басына ветеринарлық төлқұжат беру
  1. Тастөбе ауылдық округінің әкімі аппараты қызметкерлерінің аты-жөні , байланыс телефондары

  Ауыл әкімі –  Байгунысов Алмас Ажарханұлы 8 (7283) 42 81 44, үй телефоны: 8 (7283) 42 81 03

Бас маман– Солтанкулова Камила Мухайқызы   8 (7283) 42 81 92, үй телефоны: 8(7283) 42 81 70

Бас маман-салық инспекторы –  Асубаева Айгүл Ұзаққызы  8 (7283) 42 81 92, үй т. 8(7283)42 85 00

 

Жері  нәрлі, суы бал  – Тастөбе

ТАСТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТАРИХЫ

Әдетте ежелден –ақ жері нәр, суы бал Тастөбе өңірі қабырғалы Қаратал өңірінің жасыл жайлауы, әсірелеп айтсақ Швейцариясы деп мақтанышпен айтылады. Неге десеңіз оның жылдың төрт мезгіліндегі ауа райы жәйлы, көкорай

Шалғыны мен сылдырап аққан бұлақтары мен бастаулары мол болып келеді. Азынаған желі мен шаңды бораны сирек. Жерінің тастақтығына қарамастан еккен егін, өсірген жеміс ағаштары жайқалып шығады. Шабындығы сиыр малы үшін тап- тырмас жайылым. Су мамандарының болжамы мен дерегіне сүйенсек, осы атыраптың жер асты тұщы су қорына өте бай. Кейінгі ширек ғасырдан бері аудан орталығы  Үштөбе қаласының тұрғындары ауыз су үшін бал татитын Бірліктің суын пайдаланып келеді.

Тастөбенің бізге дейінгі тарихи тамыры мен тылсым сыры тым әріде жатыр. Бұл турасында тарихшы- шежіреші Мұхамеджан Тынышбаев өзінің ежелгі Қойлық пен Дүнгене қаласы жәйлы жазған зерттеу еңбегінде шым – шымдап тоқталады.  Жаугершілік заманда сырт дұшпанның соққысынан бауыр басты қаласын еріксіз тастаған тұрғындардың Қаратал өзенінің Тастөбе тұсынан қарсы бетке өтпекші болған сәтінде қыруар шығынға ұшырағанын, әжептәуір байлықтың су түбіне кеткендігінен  хабардар етеді. Болашақта зерттеуді қажет ететін Тастөбенің өткен ғасырдың  отызыншы жылдарындағы тарихы жәйлы сыр шертейік.

Жер жанаты Жетісу өлкесінің құнарлы да құйқалы өңірі Қаратал ауданы десек, оның керілген кең даласының ортасымен Балқаш көліне қарай  екпіндей, көсіле ағып бара жатқан жолындағы ен жайлаған елі мен жеріне құт пен береке дарытқан Қаратал өзенінің бойы не бір аңыз, әңгіме, дастандарға толы. Мұнымен бірге, ол өмір шежіресі тарихтың терең қойнауынан бастау алар әулиелр мен батырлар мекені екені  баршаға аян.  «Күндіз алтын,  түнде күміс ағатын Қаратал мен оған жапсарлас батыс жағында сылаң қағатын  Тентек өзені тағы бар. Қаратал өзені мен Тентек өзенінің аралығында 1928-1932 жылдары колхоздандыру кезінде шағын бес колхозы  құрылған еді. Олар  «Бесағаш» , «Бірлік», «Құмарал», «Тастөбе», «Жазылбек» колхоздары .

         «Бесағаш» колхазы 1928 – 1934 жылдар арасында құрылды,оның

алғашқы төрағасы болып Бейсеқұл Өсімқұл ауыл тұрғындарын басын қосып  артел ұйымдастырды. Ал 1935 -1937 жылы «Бесағаш» колхозы атанып төрағалығына  Шақанбай Айтқұл сайланды. Онда тұңғыш бастауыш «Нұрке»мектебі ашылды.Оның ұйымдастырушы әрі мұғалімі Өсімқұлов Бейсеқұл дәріс берген. Сол «Нұрке» мектебінен оқыған  Сейдахмет Нүсіпбек, Ғазиз Жексембек, Орал Ыбрайым, Керімқұл Әбіқұл т.с. 1938 – 1941 жылдары елге танымал Нұрғалық Рахымбай «Бесағаш» колхозын басқарды, соғыстан бронмен қалдырылды.

Нұрғалық Рахымбай 1942 – 1944 жылдары «Бесағаш» колхозына төрағалық етті.

Соғыстан кейінгі   1945 – 1950 жылдары аталған шаруашылықты  Мағзум Асан басқарды. Арнаулы білімі болмаса да соғыстың ауыртпалығынан күйзелген халықты өрелі істерге ұйымдастыра білді.

Өндірісі өрге басып Еңбекші ауылдық Кеңесі бойынша алдыңғы қатарлы колхоз атанды. Мектеп, қызыл бұрыш, шағын клуб,  бала бақша жұмыс істеді. Бастауыш мектептің меңгерушісі   Керімқұл Әбдіқұл болды, мұғалімі Сәрсеқұлова Сара  апай зейнеткерлікке шыққанша бастауыш мектепте сабақ берді.

Бесағаш ауылынан Артық Жексембекұлы ( 1905 – 1981 ж.) халық ақыны, Республикалық және облыстық ақындар айтысының жүлдегері   «Зорлыққа зауал» дастанының авторы. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасының иегері.

«Бесағаш» колхозында соғыс және соғыстан кейінгі жылдары екпінді еңбегімен ортақ іске елеулі үлес қосқан Ғазиз Жексенбек, ерлі зайыпты Мыңбай Түменбай, Нақтай Түменбай, Бижан Сүйірбай, жылқышы  Құрман Қали. Көрік қыздырып жоқтан бар жасаған (ат соқа, тырма, арба, ертоқым әбзелдерін) қолы шебер  Рыспанбет Мұсағұл  мен кейін сол кісінің жолын қуған баласы Етай Рыспанбетұлы (марқұм ) 1960 жылдан 1996 жылға дейін ұста болып зейнеткерлікке шықты.

«Бірлік» колхозын алғашқы ұйымдастырушысы әрі төрағасы болған 1928 – 1938 жылдар  Нұрғалық Рахымбайұлының ұзақ жылғы жемісті еңбегі, Үкіметіміздің бірнеше  медальдарымен аталып өтті.

1938 -1941 жылдары «Бірлік» колхозының басшылық тізгінін  Оқасбай Тұрлыбай ұстады.

Ұлы Отан Соғысының қызып тұрған 1941 – 1945 жылдары «Бірлік» колхозын Нұғыманұлы басқарды. Мұнан соң 1945 – 1950 жылдары шаруашылыққа ағайынды  Нұрғалық пен Нұрқасым Рахымбайлар басшылық етті.

Шағын « Бірлік» ғана колхозында кішігірім тері заводы жұмыс істеген, төңірегіндегі бес колхоздың мал терісін жинап, өңдеп керекті жерге өткізгенін атап өткен жөн.

Соғыс жылдары Нұрбек Найзабек (марқұм)1928 жылы туған, алдымен қысқа мерзімді тракторшы курсын тәмамдаған, 1949 жылдары трактор айдаған, кейіннен колхоз іріленген соң трактор бригадирі дәрежесінде қызмет атқарды.

Ұлы Отан Соғысының ардагері  Мұсабек Досымбекке келсек (марқұм) ұзақ жылдар Бірлік, Құмарал бөлімшесінде бригадир болған. Балалары бүгінде әр түрлі кәсіпкерлік салада істеуде. Секербала Досымбек 1946 жылы туған (марқұм) бухгалтерлік мамандық алғаннан кейін 1963 жылдан 1996 жылдар аралығында  бөлімше бухгалтері. 1970 – 1996 жылға дейін бас бухгалтердің орынбасары қызметін атқарды. Өте таза, жұмысына берілген, халқына жағымды жан еді. Жастайынан есеп –қисапқа бейімділігін танытқан

«Құмарал» колхозының алғашқы төрағасы болып  Бәйділдә Тұрысбай сайланды,  Колхоз екі бригададан құралды. Бірінші бригада Көксу стансасымен жапсарлас еді. Ұжым қазақ, орыс, кәріс ұлттары өкілдерінен тұрды. Егін шаруашылығымен айналысты қызылшамен бидай  екті

1944 -1950 жылдар аралығында колхозды Ұлы Отан Соғысына қатысқан  Сейдахмет Нүсіпбек басқарды, жақсы көрсеткіштерге жетті, халықтың әл-аухаты жақсарды ,бастауыш мектеп, клуб, қызыл бұрыш, қойма, ұстахана, дүкен салынды. Колхозшылардың еңбек күн табысына қарай, қамбалары астыққа толды.Сейдахмет Нүсіпбектің Үкімет алдындағы еңбегі бағаланып әртүрлі медалдармен марапатталды.

Кез келген қазақы ауылда «сегіз қырлы, бір сырлы » өнерліде беделді азаматтар болатыны ақиқат. Олар трактор айдап, жер жыртып, машина жүргізіп, жүк таситын, қала бере жетім-жесірлерге пана болып, қамқорлық жасап жүретіні өз қызметін міндет етпейтін. Біздің бұрынғы « Құмарал» мен «30 жылдық Қазақстан» колхозында темір мен ағаш ұстасы көп болатын. Солардың бірі марқұм  Тазабек Сарқамбай  темірден түйін түйген ұста болса, ағаш ұстасы Бимолда Арпабай ағалар еді.   Тазабек Сарқамбай Ұлы Отан Соғысына бармай қалды. Бір көзі кемтар еді, шоқ түскен көрінеді. Зейнеткерлікке шықанша ұсталық жасады. Тазабек ағаның ісмер қолымен шөп шапқыш машиналар мен шөп жинайтын тырма, шөмелегіш бөлшектері жасалатын. Ел жайлауға шығар, қысқы көктайғақ кездері аттарды тағалау бір науқан еді.

     Соншама қыруар жұмыстың көптігіне қарамастан ауылдастарының

көңілін қалдырған емес,  сынған кесе, шәйнек, тесілген шәугімін ерінбей жөндейтін. Тарс-тұрыс соғылған ауыр балғаның дүрсілі, шыж-быж болып суарылған темір ысылын, көріктен шыққан ыстық лепті қызықтап көп тұрушы едік. Белуардан жалаңаш , темірден шалғыш шалған ұста Тазабек ағаның бұлшық еттері бұлт-бұлт ойнайтын. Колхоз техникалары күн сайын сынатын, ал ұсталар білімділігімен амалдап жөндейтін. Сол Тазабек аға мен Ұмсұндық ана екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген еді. Ұлы  Тілепбай Тазабек қазір зейнеткер (Алматы қаласында тұрады) ғалым, профессор, көп жылдар ауылшаруашылық мамандарын, агроном, механик пен инженерлер даярлады. Ауыл шаруашылық институтының ректоры  қызметін атқарды. Қызы Рәбиға да Алматы қаласында тұрады, зейнеткер.

Бимолда Арпабай аға ағаштан түйін түйетін керемет ағаш шебері еді. Алғашқы колхоздастыру кездері өгіз арба, кейіннен ат арбалар жасайтын. Оны бүкіл Еңбекші ауылдық кеңесіне қарасты шағын колхоздарда оның қызметін кеңінен пайдаланатын. Сондай жеңіл және жүк тасуға қолайлы мықты, арба дөңгелектерін қара ағаштан жасап, темірмен құрсаулайтын.  Ағаш тырма, өгіз арбаға мойын тұрықты,  шағын клуб пен мектептің есік – терезелерін сол кісінің өзі жасаушы еді. Арасында ауыл тұрғындарының күрек-кетпенін саптап, күбі, келі,  астау, дөңгелек, үстелді,  бала-бақшаға керекті орындықтарды, ағаш   бесіктерді сылдырмақтармен  өте  әдемі  жасайтын. Көрген көз сүйсінетін.

« Тастөбе » колхозы 1932 жылы ұйымдастырылды алғашында шағын 5 үйден (отбасынан) құралды. Кейін жан-жаққа тарап кеткен ағайындарды  қайта көшіріп әкелді. 1932-1940 жылдар аралығында Колхоз бастығы Тастөбе ауылының тұрғыны  Нұрмұханбет Әлімбек көп еңбектеніп жақсы  көрсеткіштерге ие болды. Жамбыл атындағы орта мектебінің ірге тасы көтеріліп, 7 жылдық  мектеп ашты. Еңбекші ауылдық Кеңесіне қарасты колхозшылардың балаларына мектеп жанынан интернат ашылды.   Әбдрали Бәргелтай колхоз бастығы болған 1941-1945 соғыс жылдары  халықты ауыр жағыдайдан алып шықты.  Соғыстан кейінгі жылдары кейін колхозды бастығы болып 1945-1950 жылдары  Баймұқа Мұса басқарды және  соғыстан кейінгі жылдары табысты еңбек істеген  Шарапи Наурызбай, Ораз Тәжін  тракторшылар бригадиры болып ұзақ уақыт жұмыс атқарды.  Ыстыбала Баубек,  Ботан Балабек,  Тойбала Қалдыбай колхозда сауыншы мен сушы болып жұмыс атқарды.

«Жазылбек» колхозы 1932 жылы Қаратал өзенінің бойына орналасқан алғашқы ұйымдастырушы  әрі төрағасы болған  Меңбай Көпен ұзақ жылдар басқарды. Еңбекші ауылдық кеңесі бойынша  бастауыш  мектеп

ашылды. Оның директоры болып Қаси Сауранбек  көп жылдар  қызмет істеді,сол мектептен Ұлы Отан Соғысына аттанды.

Соғыстан оралғаннан кейін «Елтай» мен «Жамбыл» атындағы мектептерде ұзақ жыл басшылық қызметін жалғастырды. 1941-1944 жылдары  Азамбаев Бейімбек Азамбай, 1945-1947 жылдары   Сайлаубай Қабар аталған  колхоздың төрағалары болып істеді. Кейін бұл міндетті Румжан Қали атқарды. Алғашқыда тракторшы болып істеген  Иісбай Көзбосын  сынды ардагерлер кейін  малшы болған.

1950 жылы Еңбекші ауылдық Кеңесіне қарасты шағын 5 колхоз біріктіріліп «30 жылдық Қазақстан» атындағы колхозы құрылды. Орталығы «Бірлік» елді мекені. Алғашқы төрағасы  Кәлпе ауылының тумасы Рымғали Тәжін  1950-1951жылдар аралығында, мұнан соң Ғазиз Жексембек  1952-1953жылдары, Баймұқа Мұса 1954жылы, Абай Қоқым 1954-1956жылдары, Елтай Иманқұл – 1957-1958жылдары. 1959- 1969 ж. Кәлпе совхозына қосып № 2 бөлімшесі атанды. Осы жылдар аралығында бөлімше меңгерушісі міндетін  Сейдахмет Нүсіпбек, Шәму Рахымбай,  Қази Ақшабек,  Қалым  Асубектер мал,  егін шаруашылығымен айналысты.

Осылайша1970 жылы март айында жаңа шаруашылық «Кәлпе» совхозынан бөлініп шықты. Ауыл ақсақалдары  Сейдахмет Нүсіпбек,  Молдахмат Нүсіпбек, Ләтіп Гисан, Айтжан Көжебай, Нұрғалық Рахымбай, Ғазиз Жексембай,  Сейтқұл Жүністер бас болып берісі Алматы, арысы Москваға өтініш хат жазып жүріп « Бірлік» сүт совхозын құруға атсалысты. Алғашқы директоры  1970-1981 жылдар аралығы Бірлік ауылының  тумасы Нұрғабылов  Балтабай болды ұзақ  жылдар жемісті  еңбек  етті. Осы  жылдары ол өзінің туған жерін көркейту үшін совхоз  орталығы  Тастөбе ауылында  жаңадан  кеңсе үйі, машина – трактор шеберханасы, орталық бу қазаны, сүт кешені, Құмаралда  құс фермасы , инкубатор бой көтеріп, бірнеше көшелер салынды. Ал 1972 жылы осы өңірден  Ұлы Отан Соғысына қатысып  қайтпай  қалған  майдангерлерге  арнап  ауыл тұрғындарның  қаражатымен мемориал – ескерткіш орнатылды. Совхоз  директоры   Балтабай Нұрғабылов пен партком хатшысы Шой Исабековтің  тікелей  ұйытқы болуымен   сол жылы  ескерткіштің-белгі  ашылды.

«Бірлік» совхозы алғаш құрылғанда бас инженер болып Әнер Ахметов (марқұм) кейіннен жұмысшылар комитеті мен  ауылдық Кеңестің төрағасы болып қызметін атқарды. Шой Исабеков болса бастауыш партия комитеті хатшысы міндетін 1979 жылға дейін атқарып, ауданға ауысты. Шаруашылық алғашқы  құрылған жылдары   Нұрсұлтан Бәрімбеков бөлімше бригадирі, кейіннен 1981 жылға дейін бөлімше меңгерушісі болған.

1981 – 1994 жылдары Тастөбе ауылдық Кеңесінің хатшысы, ал

1994-1997 жылдары ауылдық округ әкімі болып зейнеткерлікке шықты.Оның облыс пен аудан басшылары атынан алған мақтау қағаздары мол. Бүгінгі таңда Қаратал ауданының құрметті азаматы. Бірлік совхозы ұжымы  кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде жоғары табыстарға ие болды.  Қызылша алқабының әр гектарынан 350-360 ц өнім алып, көлемі 2600 гектарға ұлғайтылды. Ортақ іске бас агроном  Айбас Әбілчанов пен бас инженер Бауыржан Нүсіпбековтің үлестерін қосқан үлестері зор.

1981-1984 жылдар  аралығында  совхоз  директоры    Кәрібаев Ғабиден болды. Осы жылдары шаруашылық елеулі  көрсеткіштерге  ие болды. Фельдшерлік медпункт, 1986 жылы  640 орынды мектеп салынды, жаңадан басқадай да құрылыстар бой көтерді. Еліне еңбегі сіңген, көпшілік құрметіне бөленген азаматтар баршылық..Атап айтқанда «Еңбек Даңқы»   2-3 дәрежелі ордені және «Құрмет белгісі» орденнің иегері Мәмиля Жүнісқызы Турғамбаева Жамбыл қаласындағы мәдениет училищесін бітіргеннен кейін Жамбыл орта мектебінде 1970 жылға дейін ұстаздық етіп ән-күй сабағынан береді. Республика қыз-келіншектерінің техника тілін меңгерейік деген үндеуіне орай 1970 жылдан 1992 жылғы дейін совхозда тракторшы болып жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Жұбайы Қошахан Есімбеков да тракторшы еді , әр түрлі марапаттарға ие болған.

Кейінгі 1985-1995 жылдар аралығында совхоз директоры қызметін Сатыбалды Төлеуов, Әшімхан Мәмбетаев  атқарды.

Тастөбе  ауылдық  округінен  шыққан атақты және  құрметті  азаматтары:

  1. Тлепбай Тазабеков – ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты,     профессор  -1928 жылы  туған  Алматы  қаласында  тұрады .
  2. Анарбек Нақысбеков- Танымал суретші, Профессор .
  3. Мұрат Садықов- Украина ауыл шаруашылығы Академиясының  доценті, профессор .
  4. Қаршыға Сәрсенбайұлы Көшкінбаев – биология  ғылымының  кандидаты Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орнының деканы қызметін атқарады.
  5. Айгул Балтабайқызы Нұрғабылова – медицина ғылымының кандидаты, Астана қаласында тұрады.
  6. Шара Байділдәқызы Тұрсыбаева – философия ғылымдарының кандидаты, зейнеткер.

 

«Алтын» алқа иегерлері .

  1. Медетбекова Шайбала – сауыншы.
  2. Мұса Нұрсипа – ардақты ана.
  3. Балтай Қалиева – қызылшашы.
  4. Ұябай Қаншай – ардақты ана.
  5. Биғайша Дәулетбаева  – әр түрлі қызмет атқарған еді.
  6. Дүйсенхан Зияхан – ардақты ана.
  7. Бақай – ардақты ана.
  8. Қаныкей Гүлзира- ардақты ана.

 

«Күміс» алқа иегерлері .

  1. Наурызбаева Дәметкен.
  2. Сатаева Назира .
  3. Тимкова Мария .
  4. Тұрғанбаева Мамила .
  5. Сағындықова Зайда .
  6. Елемес .
  7. Құрмантай Кашира.
  8. Қамария Күлайхан .
  9. Копанова Қайыпжамал.
  10. Закихан Бақа.
  11. Оразалы Нұршаш.
  12. Ламбай Матей.
  13. Кемелбай Алтынсарай.

Бірлік совхозын  көркейтуге  көп үлес

қосқан еңбектері сіңген  азаматтар қатарына:

  1. Тортай Мухамадиев – құс фермасының  меңгерушісі
  2. Нұрсұлтан Бәрімбеков- 1964-1970ж.ж.бөлімше бригадирі,1970-1981

жылдары бөлімше    меңгерушісі.

  1. Бауыржан Нүсіпбеков. – бас инженер.
  2. Әнер Ахметов -1962-1970 ж бөлімше механигі. 1970-1973

жылдары бас инженер, профком болған.

Еңбекші  ауылдық   Советі, кейіннен Тастөбе ауылдық округінің

                   төрағалары, әкімдері болғандар:

Еңбекші  ауылдық  Советі бойынша:

  1. Беке Андаспаев.                     -1933-34 ж.ж.
  2. Орал Ибраимов.                      -1934-1936ж.ж. (құмарал)
  3. Оқасбай Турлыбаев.               -1936ж
  4. Нұрғалық. Рахымбаев.            -1942-1947 жылдары
  5. Меңбай Көкенов.                     – 1947-1949 ж.ж.
  6. Рахымғали Тәжінов                 -1950 ж
  7. Меңбай Алпысбаев                 -1950 жыл
  8. Шелібай Бәрімбеков                -1954-1956 ж.ж.

9 .Оңласын. Әлімбекова              -1957 – 58 жылдары

  1. Сейдахмет Нүсіпбеков       -1958 -1960 жылдары.

Тастөбе ауыл Советі  болып  1977 жылы қайта құрылған тұста:

  1. Анер Ахметов – 1977 – 1978 жылдар.
  2. Латып Гисанов – 1978 – 1986 жылдар.
  3. Мырзахан Жебегенов – 1986 – 1988 жылдар.
  4. Мырза Садыров – 1988 – 1993 жылдар

Ел басына күн туған сәтте басын сонау Жоңғар Алатауының мұзарт шыңдарынан бастау алатын Қаратал мен Тентек өзендерінің түгін тартса майы шығатын өңірін мекендеген, ұйыса бірігіп, ауыл шаруашылығын нығайту,  жолында жұмыла еңбек етіп жатқан Еңбекші ауылдық Кеңесіне қарасты бұрынғы «Жазылбек» , «Құмарал», «Тастөбе» , «Бесағаш» , «Бірлік» колхоздарының еңкіш тартқан үлкені мен ес білетін кішісі 1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан соғысының басталғандығы туралы суық хабарды тікесінен тік тұра қарсы алды.Соғыс басталысымен қолына қару алуға жарайтын ер-азаматтар бұқпантайлап келіп, бас салған зұлым жаудан Отанды қорғауға мерзімді күні жеткенде осы ауылдан 184 азамат аттанған еді. Олардың көпшілігі дерлік қолдан намысты бермей, азулы дұшпанмен кескілескен шайқаста ерліктің небір ерен үлгісін көрсетті.

Атап айтар болсақ, Ұлы Отан соғысы басталған кезде Әбдіқас Садықов сібірде азаматтық борышын атқарып жүрген еді. Соғысқа алғашқылардың бірі болып аттанды. Революция бесігі Ленинградты қорғауға қатысты. Атақты “Катюшаның„ снарядтарын полуторка машинасымен тасыды, өзіне сеніп тапсырылған техниканы мұқият ұстап, күте білді. Ленинград қорғанысында батырлық көрсетіп ерекше көзге түсуіне орай, Отанымыздың «Жауынгерлік қызметі үшін»  медалімен марапатталды. Москва, Белорусия, Украина, Румыния, Чехия қалаларын жаудан азат етуде көрсеткен ерен еңбегі үшін әртүрлі орден, медальдарды иеленді.  Соғыстан кейінгі жылдары ауылшаруашылығын көркейтуге ат салысты.

Ленинград қаласын қорғауға қатысқан осындай жауынгердің бірі, ауылымыздың тұрғыны  Нұрғали Тоғанбаев қария еді.  Көрсеткен ерліктері үшін Орден, медальдармен марапатталған Нұрғали қария еліне аман – есен оралып, өмірінің соңына дейін мал шаруашылығында жемісті еңбек етті.

Еңбекші ауылдық Кеңесінен аттанған, Отан үшін отқа оранған 184 азаматтың 85 – і майдан даласынан қайтпаған болса, 37-і хабар – ошарсыз кеткендер деп есептелді. Солардың қатарында жастықтың бал дәуренін шын мәнінде кеше алмаған боздақтар Қораз Оралов, Аманбай

Адаханов, Төленбай Асқанбаевтар бар еді. Отан    соғысынан Жеңіспен оралған 64 азаматтың ішінде Оразымбет Нұрбеков, Сейдахмет Нүсіпбеков,  Қазиз Жексембеков,  Мұсабек Досымбеков,  Нұрахмет Иманбеков, Нұрқасым Рахымбаев, Зейнұр Тәжібаев, Қадырбай Жамантаев, Сейтқұл Жүнісов,  Бижан Құрманов,  Билібай Бижанов, Қадырбай Асқарбеков, т.с.азаматтар соғыстан келе ауыл шаруашылығын басқарды, колхоз бастығы,ферма меңгерушісі,трокторист т.б.жұмыстар атқарды. Қазіргі таңда Ұлы Отан Соғыс ардагері Оразымбет Нұрбеков ақсақал 95 жаста, 2 қыз, 1 ұлынан, 11 немере, 9 шөбере сүйіп отыр.

Жазылбек колхозынан Балғынбаев Имаш қария Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін және 1945 – 1946 жылдары Жапон соғысына қатынасып елге аман есен оралды. Ұлы Тәкен Имаш совхозда агроном қызметін атқарды. Кәзір Алматы қаласында тұрады.

Көжебаев Айтжан соғыстың алғашқы күнінен бастап Москваны қорғауға, Белоруссияны,Украинаны, Чехославакия мен Румынияны азат етуге қатысып, Рейхстагті алуға қатынасып сол қолынан жарақат алып елге оралды. 1968 жылы наурыз айында ССРО  Жоғарғы Президиумының Жарлығымен  Ұ.О.С жылдары көрсеткен ерліктері  үшін « Қызыл Жұлдыз » орденімен марапатталды. .

Алматыда    жасақталған 100–ші қазақ бригадасының қатарында  Жақсыбек Байғонысовта бар еді.   Олардың бригадасы Ленинградқа таяу Великие Луки, Белое Церковь   түбінде жүріп жатқан ұрысқа аттанды.

Қазақстанда жасақталған 100–ші жаяу әскер бригадасы Калинин, Витебск қалаларын,  Белоруссия мен Украинаны  азат етуге қатысты. Ж.Байғонысов елге аман оралып, өмірінің соңына дейін жауапты қызымет атқарды.

 

Ел басына күн туған сәтте басын сонау Жоңғар Алатауының мұзарт шыңдарынан бастау алатын Қаратал мен Тентек өзендерінің түгін тартса майы шығатын өңірін мекендеген, ұйыса бірігіп, ауыл шаруашылығын нығайту,  жолында жұмыла еңбек етіп жатқан Еңбекші ауылдық Кеңесіне қарасты бұрынғы «Жазылбек» , «Құмарал», «Тастөбе» , «Бесағаш» , «Бірлік» колхоздарының еңкіш тартқан үлкені мен ес білетін кішісі 1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан соғысының басталғандығы туралы суық хабарды тікесінен тік тұра қарсы алды.

Соғыс басталысымен қолына қару алуға жарайтын ер-азаматтар бұқпантайлап келіп, бас салған зұлым жаудан Отанды қорғауға мерзімді күні жеткенде осы ауылдан 184 азамат аттанған еді. Олардың көпшілігі дерлік қолдан намысты бермей, азулы дұшпанмен кескілескен шайқаста ерліктің небір ерен үлгісін көрсетті.

Атап айтар болсақ, Ұлы Отан соғысы басталған кезде Әбдіқас Садықов сібірде азаматтық борышын атқарып жүрген еді. Соғысқа алғашқылардың бірі болып аттанды. Революция бесігі Ленинградты қорғауға қатысты. Атақты “Катюшаның„ снарядтарын полуторка машинасымен тасыды, өзіне сеніп тапсырылған техниканы мұқият ұстап, күте білді. Ленинград қорғанысында батырлық көрсетіп ерекше көзге түсуіне орай, Отанымыздың «Жауынгерлік қызметі үшін»  медалімен марапатталды. Москва, Белорусия, Украина, Румыния, Чехия қалаларын жаудан азат етуде көрсеткен ерен еңбегі үшін әртүрлі орден, медальдарды иеленді.  Соғыстан кейінгі жылдары ауылшаруашылығын көркейтуге ат салысты.

Ленинград қаласын қорғауға қатысқан осындай жауынгердің бірі, ауылымыздың тұрғыны  Нұрғали Тоғанбаев қария еді.  Көрсеткен ерліктері үшін Орден, медальдармен марапатталған Нұрғали қария еліне аман – есен оралып, өмірінің соңына дейін мал шаруашылығында жемісті еңбек етті.

Еңбекші ауылдық Кеңесінен аттанған, Отан үшін отқа оранған 184 азаматтың 85 – і майдан даласынан қайтпаған болса, 37-і хабар – ошарсыз кеткендер деп есептелді. Солардың қатарында жастықтың бал дәуренін шын мәнінде кеше алмаған боздақтар Қораз Оралов, Аманбай

Адаханов, Төленбай Асқанбаевтар бар еді. Отан    соғысынан Жеңіспен оралған 64 азаматтың ішінде Оразымбет Нұрбеков, Сейдахмет Нүсіпбеков,  Қазиз Жексембеков,  Мұсабек Досымбеков,  Нұрахмет Иманбеков, Нұрқасым Рахымбаев, Зейнұр Тәжібаев, Қадырбай Жамантаев, Сейтқұл Жүнісов,  Бижан Құрманов,  Билібай Бижанов, Қадырбай Асқарбеков, т.с.азаматтар соғыстан келе ауыл шаруашылығын басқарды, колхоз бастығы,ферма меңгерушісі,трокторист т.б.жұмыстар атқарды. Қазіргі таңда Ұлы Отан Соғыс ардагері Оразымбет Нұрбеков ақсақал 95 жаста, 2 қыз, 1 ұлынан, 11 немере, 9 шөбере сүйіп отыр.

Жазылбек колхозынан Балғынбаев Имаш қария Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін және 1945 – 1946 жылдары Жапон соғысына қатынасып елге аман есен оралды. Ұлы Тәкен Имаш совхозда агроном қызметін атқарды. Кәзір Алматы қаласында тұрады.

Көжебаев Айтжан соғыстың алғашқы күнінен бастап Москваны қорғауға, Белоруссияны,Украинаны, Чехославакия мен Румынияны азат етуге қатысып, Рейхстагті алуға қатынасып сол қолынан жарақат алып елге оралды. 1968 жылы наурыз айында ССРО  Жоғарғы Президиумының Жарлығымен  Ұ.О.С жылдары көрсеткен ерліктері  үшін « Қызыл Жұлдыз » орденімен марапатталды. .

 

Алматыда    жасақталған 100–ші қазақ бригадасының қатарында  Жақсыбек Байғонысовта бар еді.   Олардың бригадасы Ленинградқа таяу Великие Луки, Белое Церковь   түбінде жүріп жатқан ұрысқа аттанды.

Қазақстанда жасақталған 100–ші жаяу әскер бригадасы Калинин, Витебск қалаларын,  Белоруссия мен Украинаны  азат етуге қатысты. Ж.Байғонысов елге аман оралып, өмірінің соңына дейін жауапты қызымет атқарды. Кәсіпкерлер  барлығы – 3 сүт тасушы, 2 лицензиялы мал дәрігері, дүкен саны- 1.

 

 

 

 

Ауылдық округте бір мектеп бар, 1986 жылы салынған, 324 орындық. Жамбыл орта мектебінде 202 оқушы білім алып,  25 мұғалім дәріс беруде. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бір ұстаз және бір медбике қызмет істеуде. Биылғы жылы мултимедиялық кабинет ашылып, ішінде 16 дана ноудбук және интерактивтік тақта іске қосылды.

Ауылдық округте  1 Фельдшерлік- акушерлік пункт жұмыс істеп, 1 дәрігер,  4 орта буынды медбикелер және 1 санитар  жұмыс жасайды. Округтегі халықтың демографиялық жағдайы жылдан – жылға жақсарып келеді. Биыл 20 бала дүниеге келді.

  1. Ауылда жұмыс жасайтын жас мамандар үшін.

Мектепке жас мұғалімдер керек.

      

  1. Инвесторлар үшін біздің округімізде .

ЖШС «Тастөбе Агрофуд»  басшысы Ахметов Шынғыс Нуржанұлы  2016 жылдан бастап іске қосылған ЖШС «Тастөбе Агрофуд»   – де қазіргі танда1191 бас МІҚ бар. Оның ішінде 442 басы тана, 275 бас бұзау. Тәулігіне 8,5 тонна сүт өткізіледі, әр сиырдан күніне 19 – 22 литр сүт сауылады. 9 баз жұмыс жасап тұр. Қазіргі таңда 252 сауынды сиырға арналған бас және 330 бас сиырға арналған алаң (навес) салынуда.

«Тастөбе Агрофуд»  ЖШС – қазіргі таңда 1802 гектар ауылшаруашылық жері бар : оның ішінде 765 гектары егістік жер, 399 гектар шабындық, 630 гектар жайылымдық жер.

Шаруашылықта 31 техникасы бар. (3 – комбайн, 5 – погрузчик, 17 – трактор, 6 – автокөлік) 2018 жылы 223 млн. 373 мың теңгеге 9 дана ауылшаруашылық техникасы сатып алынды.

 

  1. Үлкен жарыстар өткізуге мүмкіндік жоқ .
  2. Инсфраструктура  бойынша округ тұрғындарды транспортпен қамтамасыз етуде автобус маршруты -2. Ауылдық округ елді мекендерінде ағымды жол жөндеу және шұңқырларды тегістеу бойынша:

Биылғы жылы Бесағаш ауылымен  Көксу ауданының шекарасына дейінгі аралықтағы 4 мың шаршы метр жол күрделі жөндеуден өткізілді.

«Вакансия» бөлімі бойынша: ваканция жоқ

  1. Округтің орталығы : Тастөбе  ауылы, округ әкімі аппаратының ғимараты Тастөбе ауылы, Қарымбай би көшесі № 4, тел: 87283428144, 87283428192

Тастөбе ауылдық округі

 әкімі аппаратының 2010-2014 жылдарға стратегиялық даму жоспары

 

  1. МИССИЯСЫ МЕН ПАЙЫМДАУЫ.

 

Тастөбе ауылдық округі әкімі аппаратының миссиясы.

 

Округті әлеуметтік және экономиқалық даму бағдарламасымен қамту. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Конституция нормаларын, Заңдарын, КР Президенті және Үкіметтінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық  актілерін атқару, кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету.

Азаматтардың жүгінуін, өтінішін, шағымдарын қарастыру, азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғауға шара  қолдану, бюджетке салық және басқа да  міндетті төлемдерді жинауға ықпал ету.

Аз қамтылған отбасыларын анықтау, әлеуметтік көмек көрсетуге ықпал ету. Жергілікті әлеуметтік инфракструктураны дамытуға ықпал ету, қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру, жергілікті өзін-өзі басқару, органдарымен өзара әрекет ету, шаруашылық статистиқалық есепті жүзеге асыру, өз құзырындағы су пайдалану сұрақтарын реттеу, округті аббаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының түрлеріне байланысты қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру.

Тастөбе ауылдық округі әкімі аппаратының пайымдауы.

Округ әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету, қойылған міндетті нәтижелі шешу, жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу, аймақтық бәсекеге қабілеттілігін арттырып және тұрғындардың өмір сүру деңгейінің сапасын жақсарту.

 

 

2.АҒЫМДАҒЫ  ЖАҒДАЙҒА  ТАЛДАУ.

 

Тастөбе ауылдық округі әкімі аппаратының дамуының негізгі параметрі.

 

Тастөбе ауылдық округінің құрамына 3 елді мекені кіреді: Тастөбе ауылы, Бесағаш ауылы, Бірлік ауылы. Тұрғындар саны- 1136 адам, соның ішінде Тастөбе ауылы-926 адам, Бесағаш-128, Бірлік- 82. Округ аумағында -223 жеке секторының аула  шаруашылығы орналасқан.

2012 жылы 01 қантарына Тастөбе ауылдық округі әкімі аппаратының штаттық саны 4 бірлік құрайды, нақты жұмыс істейтін – 4 адам. Әйелдердің үлес салмағы-66,6 пайыз. Мемлекеттік қызметкерлердің ортақ санынан жоғары білімді-1 адам, арнаулы орта -2 адам.

Мемлекеттік қызметкерлердің орта жасы- 45 жас, мемлекеттік қызметтегі  орташа еңбек өтілі-7 жыл, аталған қызметте -7 жыл.

Округ әкімі аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қатысты:

– функциялық міндеттері бекітілді;

– заңға сәйкес атестациялық рәсімдеу, тәртіптік жаза қолдану шаралары т.б. белгіленген;

– мемлекеттік қызметкерлерді оқыту, мемлекеттік қызметкерлердің аудандық кестесіне сәйкес жүргізіледі.

2008 жылы  Тастөбе ауылдық округ іәкімі аппаратының құжат айналымы 249 құжатты құрады.

Азаматтардың жүгінуінен 702 өтініш түсті, округ әкімінің 11 өкімі  және  22 шешімі қабылданды.

2008 жылы ауыл тұрғандары мен 13 жиналыс өткізілді, онда қаралған сұрақтар электрмен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету, округтің санитарлық тазалығы мен аббаттандырылуы, құқықтық қорғау, ҚР Президентінің Жолдауы бойынша тұрғындарға   түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлықпен күресуге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Округ әкімінде 20 жиналыс өткізілді, ондағы қаралған сұрақтар округтің әлеуметтік экономикалық дамуы, округтің санитарлық тазалық пен аббаттандырылуы, құқықтық қорғау, мемлекеттік тілді дамыту, күзгі-қысқы мезгілде жұмысты ұйымдастыру, ағымды сұрақтар.

Округ әкімі маңынан ақсақалдар кеңесі, әйелдер кеңесі, жастар ісі жөніндегі кеңес құрылып жұмыс істейді, олар өз кезегінде жастарды шыншыл және адамгершілікке, азаматтық патриотизмге, рухани адамгершілікке, тәрбиелеуге ықпал етеді.

 

  1. Әкім аппаратының кәсіби деңгейіне байланысты мәселелер.

–  жоғарғы техниқалық жабдықтау жеткіліксіз;

– еңбек  уақытының төмен бағалануы, жұмыс күнінің шектеусіздігі, демалыс және мереке күндері жұмысының төленбеуі.

Кіші және орта бизнес.

Сауда объектілерінің саны-3. Қоғамдық тұрмыстық объектісінің саны-1 жеке кәсіпкерлер саны 3 ( сүт қабылдаушылар )

 

 

Ауылшаруашылығы.

Округте 110  жеке шаруа қожалығы тіркелген, негізгі айналысатын кәсібі мал, егін шаруашылығы, егін, көкөніс өсіру.

Төрт лицензиялық мал дәрігерлері жұмыс істейді. Округті түгелімен қамтамасыз етеді.

Малды қолдан ұрықтандыру және саның көбейтуде жұмыстар жолға қойылған. Мал басын бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, барлық деректер компьютерлік базаға енгізіледі.

Салық

2018 жылы жеке тұлғалардың мүлік салығы 13,0 мың теңгені құрады, болжам бойынша 13,0 мың теңге. Жер салығы 130,0 мың теңге, болжам бойынша 130 мың теңге.

Сумен қамтамасыз ету.

Округте қазіргі таңда ауыз суды трубкалы колонкалар арқылы 1126 адам пайдаланады.

Электрмен қамтамасыз ету.

Округті әлектрмен қамтамасыз ету Үштөбе РЭС-і балансындағы мекеме арқылы жүзеге асырылады. Аудандық  бюджеттен округтегі 1 көшедегі 10 дана  көше жарығына  2018 жылы  30,0 мың тенге бөлінген.

                                                   Білім саласы.

Тастөбе ауылық округінде 1 орта мектеп бар, онда 202 оқушы білім алып жатыр.

2018 жылы біріңғай ұлттық тестілеуге 4 мектеп бітіруші қатысты. Бір  компьютерлік сынып жабдықталып және интернеттік жүйеге қосылған. Бастапқы творчестволық және білім сапасын көтеруге мектепте кружоктар, секциялық, және  клуб жұмыстары   ықпал етеді.Мектепте асхана жұмыс істеп, ыстық тамақ беру ұйымдастырылған.

Денсаулық саласы

Округтің аумағында 1 фельдшерлік-акушерлік пунктері орналасқан, Бесағаш елді мекеніндегі  1- фельдшерлік пункт үй – жайсыз. Орта медициналық қызметкерлердің  есебі- 6 адам.

Әлеуметтік көмек көрсету.

Әлеуметтік қорғау  бағдарламаның негізгі мақсаты, Тастөбе ауылдық округіндегі аз қамтылған тұрғындардың материалдық жағдайын жақсарту, жұмыссыздықты және кедейшілікті төмендету.

Округтің экономикалық белсенді тұрғындары 610 адамды құрайды, оның ішінде  311  өз бетімен қамтылған. 2018 жылы аяғында есепте тұрған жұмыссыздардың саны -12 адам.

2 Ауған соғысы ардагеріне айсайын төлем ақы көмекгі көрсетіледі.