Тарихи тұлғалар

  1. Байғонысов Жақсыбек Дүйсенбайұлы 1923 жылы қараша айында Жазылбек ауылында дүниеге келді. Әкесі Дүйсенбай кезінде ескіше оқыған көзі ашық болған. Қапал  губерния орталығында бай – кулакторға  тілмаш және шаруашылғын жүргізуші –  эконамист  болып қызмет еткен. Октябрь революциясынан кейін Жазылбекке көшіп келіп еңбек еткен. Атамыздың мал – мүлкін  конфескелеп, Жазылбекке кеңес өкіметті колхоз ұйымдастырған. Әкеміз Жақсыбек 1941 жылы соғысқа аттанды. Алматыда жасақталған        100 – ші қазақ бригадасының қатарында. Москваны  қорғауға  қатысты. Алғырлық жағынан ескеріліп  розвед – ротаға  қабылданды. Москваны қорғаған ерлігі үшін «За отвагу» медалімен марпатталды. Офицер дайындайтын курска жіберіліп кіші лейтенат шенін алды және де аға лейтенант шеніне дейін өсті.     Розвед – ротада  1944 жылға дейін қызмет атқарды. Лененградтқа таяу Великий Лука, Белое Церковь түбінде жүріп жатқан, жаудан босату ұрыстарына қатысты. Колинин, Винтебск, Сталиград қалаларын, Беларусия, Украйнаны азат етуге қатысты. Ұлы отан Соғысында көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз  Отечественноя война» орденімен марапатталды. Және  де көптеген мемлекеттік медалдарымен марапатталды. Москва түбіндегі шайұаста өзінің жаралы офицер командирін  қоршаудан  жаралы  қалпында алып шықты. Сталинград түбиндегі шайқаста ауыр жараланып мүгедек болып елге оралды. 1944 жылы ауыр жараланған – госпитілда көп жатып елге оралды.  1944 жылдан – 1958 жылға дейін Еңбекшинский сельский советінің хатшысы қызметін атқарды. 1958 ден 1960 жыл аралығында Көксу районының   «Рыбнадзор»   бастығы болды.  1960 жылы денсаулығына  байланысты Уштобеге көшіп, мясакомбинатта басшылық ететін қызметтерді атқарды. 1974 жылы дәрігерлердің ұсынысы бойынша Туған жері « Бірлік» совхозына  көшіп келді. Отдел кадр қызметін атқарды, қарай жүрмей талай ауылдастарының (72 адам) еңбек стажын – зерделеп, колхозда істегендерін дәлелдеп, пенсияларын алып берді, сол кісілердің рахметіне бөленіп, батасын, алғысын алған. Ұлы Отан соғысында қаза болғандар  ескерусіз калмасын деп ауыл азаматтарын ұйымдастырып. Олардың тізімін түгендеді, архивтерді көтергізіп, жоқтарын тізімге кіргізді. Соғыста жоғалып кетті дегендерді де түгендеді, олардың қайтыс болған жерлерін, бейіттерін анықтауға көмектесті. Москвадағы Ұлы Отан соғысына қатысқандарды архивтермен байланысқа шығып  олардың жатқан жерлерін анықтады. Мысалы: Бижан Қурмаров ағаның інісі 1980 жылға дейін қайтыс болған жері белгісіз болған. Сол кісінің қай шайқаста қай жерде қайтыс болғанын анықтай, туыстарын куантты. Бижан ағалар мен Әкеміз берген адреспен барып басына құран оқытып, ас беріп қайтқан. Тізім толық болғаннан кейін Талдықорғанға барып Экспериментальный заводына обелиск әріптерін дайындауға тапсырыс беріп жасатты. Талдықорған қаласының   орхитекторына обелиск жобасын сыздырып дайындатты. Совхоз әкімшілігі  Байғонысов Жақсыбекке қандай қызмет тапсырса да жұмысын адал атқарды. Ел құрметіне бөленді. Байғонысов Жақсыбек елеусыз қалған 32 ауыл тұрғындарына колхоз кезінде еңбек еткен еңбектері үшін «За доблесный труд»  медальдарын алып  берді. Байғонысов Жақсыбек Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін үйленді 8 бала сүйді әйелі Камиладан – Жексембай (Жекен) Жұмахан, Тасқын. Бірінші әйелі қайтыс болғанан кейін Шолпанға үйленді. Бұл кісіден – 5 бала Жұмабек, Айтбала, Гулнар, Жәнібек, Жазылбек. Байғонысов Жақсыбек 1997 жылы ақпан айында Тастөбе ауылында қайтыс болды. Ұрпақтары: 8 бала, 22 – немере, 44 – шөбере сүйді. Осы ұрпақтары Қазақстан Республикасының өсіп – өнуіне, өркендеуіне әр – салада қызмет атқаруда.
  2. Тұрысбаев Байділдә – « Құмарал » колхозының бастығы болған, соғыс жылдары. 1950 – 1953 ж  алғашқы 5 колхоз құрылғанда  30 жыл колхоз Қазақстан партком хатшысы болды. Осыдан зейнеткерлікке  шыққан.
  3. Тұрғанбек Мұсабаев. Қаратал су милирация Қазақ  СССР – на еңбек сіңген гидротехник.  Қаратал милиорация жүйелерінің басшысы.
  4. Базархан Байтаев «Микадо» Ж.Ш.С директоры. «Құрмет» орденінің иегері. Бірлік ауылының тумасы.
  5. Тұрлыбаев Оқасбай «Бірлік» бұрынғы колхозының бастығы.
  6. Нұрғалық Рақымбаев бұрынғы «Еңбекші» ауылының төрағасы.
  7. Халықов Шаяхмет завед техникумнің Талдықорған қаласына көшірілуіне бірден бір мұрындық болған азамат. Осы техникумның алғашқы директоры. Ұлы Отан соғысының ардагері. II дәрежілі Ұлы Отан соғысының және құрмет белгісінің орденің иегері. Қаратал ауданының құрметті азаматы. 1907ж  Алматы облысы Қаратал ауданының  Құмарал  ауылында  туған.
  8. Халықов Мұрат Шаяхменұлы 1979 -1954 жылдан техникум басшысына келген. Талдықорган Завед. Техникум директоры. 1971 -1979ж Талдықорған облыстық партия комитетін нұсқаушысы, Кербұлақ аудандық партия комитетінің хатшысы. 1985 – 1992ж Көксу ауданының XXIII партия съезі директоры. 1992 -1996ж Талдықорған ауыл шаруашылық басқармасының бастығы. 1993 – 2001ж «Ауыл» корпорациясының президенті. 2008ж бүгінге дейін Талдықорған  қаласының ақсақалдар төрағасы.
  9. Гисанов Ләтіп. Ұлы Отан соғысының ардагері. Орден медальдарымен марапатталған. 1944 -1950 жылға дейін «Құмарал» колхозының бастауыш мектебін ашып, бастауыш мектебінің меңгерушісі болды. «Жанаталап» орта мектебінің директоры.  «Жамбыл» атындағы орта мектебінің директоры.  «Бірлік» совхозының кәсіподақ комитетің төрағасы. Тастөбе ауылдық кеңесінің  төрағасы  1985 – 1997ж деін. Тастөбе ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы, Қаратал ауданының құрметті азаматы. Қазақстан Республикасының халық ағарту үздігі.
  10. Үмітай Тұрғанбаева Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі. Жамбыл және Кәлпе орта мектебінің ұстазы, орден, граматалармен марапаталған.
  11. Жебегенов Мырзахан – Жамбыл атындағы орта мектебінде 1990-2012жыл аралығында 25 жыл директор болды. 2012 жылы зейнеткерлікке шықты. Аудандық маслихаттың депутаты. Қазақстан  Республикасының ағарту ісінің үздігі.
  12. Тұртай Мухамедиев – Қаратал ауданының құрметті азаматы. Потчетный работник образования  Республики Казахстан.  Р.К.  грамоталарымен марапатталған.
  13. Ахметов Әнер – Бірлік бөлімшесінің механигі. 1970 – 1973ж ж Бірлік совхозының бас инжинері. 1977- 1978 ж  Тастөбе ауылдық кеңесінің төрағасы. Новый мир совхозының партком секретары, Бірлік  совхозының  кәсіподақ комитетінің  төрағасы, Бірлік   совхозының  инжинер по техника безопасности. Мақтау кағаздарымен марапатталды.
  14. Ошақбаев Орынтай 1956 – 1960ж.ж  Бесағаш ауылында ұста, есепші. Талдықорған политехникумды бітіргеннен кейін сол техникумнің көп жылдар учебный хозяйствосын басқарды. « Бірлік » совхозында  зам машина машдвор, МТМ меңгерушісі, бас инжинер болып қызмет атқарды.  Аудан, совхоз алғыс мақтау грамоталарының иегері.
  15. Тұртай Мұхамадиев. « Бірлік » совхозының МТМ меңгерушісі. 1973ж -1983 дейін Құс фермасының меңгерушісі. Әр түрлі Аудан,  Обыстарының құрмет грамоталарымен   марапатталды.
  16. Нұрғабаылова Айгүл Балтабайқызы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінде істейді. Бөлім меңгерушісі. Медицина ғылымдарының кандидаты. Астана қаласында тұрады.

 

Бірлік шаруашылық экономикасын нығайтуға әр жылдары үлес қосқан азаматтар бас мамандар – Бас затехник Секен Нұрашов, бас маман дәрігер Емберген Құлахмет, бас гидротехник Т.Балғынбаев, бас огроном Халел Асубеков, бас инженер және бас экономист Асубеков Нуркасым, бас инженер зам МТМ Нүсіпбеков Бауыржан, главный инженер Әукебаев Манархан көп жылдар қызмет атқарды, кейіннен Тастөбе ауылдық округінің әкімі болды.

 

Бірлік совхозының директорлары.

1.Нұргабылов Балтабай – 1970 -1982 ж.ж

2. Кәрібаев Ғабиден – 1982 – 1986 ж.ж

3. Төлеубаев Сатыбалды – 1986 – 1992ж.т

4. Мәмбетаев Әшімхан – 1992 – 1994ж.ж

5. Тәжибаев Серік 1994-

Тастөбе ауылдық округінің әкімдері.

 

  1. Нұрсұлтан Бәрімбеков           – 1994 – 1997 жылдар
  2. Манархан Әукебаев                 – 1997 – 2003 жылдар
  3. Сағынбек Карбузов                  – 2003 – 2007 жылдар
  4. Талғат Тайсериков                  – 2007 –  2009 жылдар
  5. Дүйсенқұл Әшірімбетов        – 2009 – 2013 жылдар
  6. Нургалиев Ермек                      – 2013  – 2016  жылдар
  7. Байгунысов Алмас                   – 2016 жылдан бері