Ауыл шаруашылығы

«Тастөбе АгроФуд»

Осыдан 15 жыл бұрын іргесін қалап, құнарлы да құйқалы топыраққа жүгері егіп бастаған «Тастөбе АгроФуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде Зеңгібаба түлігі есебінен табысын тасқындатып отыр. Елбасының Ұлт Жоспары – «100 нақты қадамының» 61-қадамында ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту мәселесі көтерілгендіктен мемлекет тарапынан бұл бағытта қолдау да мол. Осынау шаруашылықты гидроинженер маманы, ауылымыздың төл-тумасы Жаманбаланов Ажархан есімді азамат басқарды. Жалпы аумағы жеті жарым гектарды құрайтын алып кешен 1000 басқа арналып салынып, ол немістің «GEA» компаниясының озық технологиялы құрал-жабдықтарымен жарақталуда. Мұнда келешекте 1500 басқа дейін асыл тұқымды мал ұстауға мүмкіндік мол. Қазіргі таңда Германиядан арнайы 90 бас асыл тұқымды неміс сиыры қазан айында жеткізіледі, бір бастың өзіне 900 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалды.

«Қаратал ауданыныдағы Тастөбе-Агрофуд» серіктестігі тауарлы-сүт фермасындағы жұмыс та жаңаша ұйымдастырылуымен ерекшеленеді. Фермадағы жұмыстың дені автоматтандырылған, бір жүйеде атқарылады. Сиырлар неміс технологиясымен, бір мезетте арнайы құрылғымен сауылады. Қорадағы 24 сиырдың сүтін төкпей-шашпай сауатын аппарат мен малды күтіп баптау процесі «Dairy pian» жүйесінде жұмыс істейді. Өндірісті тұтастай автоматтандыру өнімділікке жол ашқан. «Егемен Қазақстан» газеті, № 175, 17 ҚЫРКҮЙЕК, 2018 ЖЫЛ)

Ірі қара малының құны 81 миллион теңге болса, оның тасымал қаражаты мен басқа да қомақты шығындарын қосаалғанда 100 миллион теңге жұмсалған. Кешен құрылысы менбасқа да шығындарға 400 миллион теңге инвестиция құйылды. Алдағы уақытта осы мақсатта тағы 200 миллион инвестиция тартылады деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде, күзге қарай осы елден және де 90 бас сиыр әкелуді көздеген бұл ұжым мал саны 1020 ірі-қара, оның 600 басы сауынды сиыр.

Бүгінде аудан тарапынан «Тастөбе АгроФуд» ЖШС-ін қолдау мақсатында Тастөбе ауылдық округі аумағынан 1260 гектарға жуық жер бөлінді. Соның 760 гектары – суармалы жер. Бұдан бөлек, айналасы атшаптырым жерге жайғасқан ірі өндірістік кешен аумағында суы 130 метр тереңдіктен шығатын екі құдық қазылды. Оған кеткен шығынның 80 %-ы мемлекеттік қолдау есебінен қайтарылды. Міне, біз мұндай ірі өндіріс орындарын ашу арқылы өз ауданымыздың әлеуетін арттырамыз.

«Тастөбе-агрофуд» ЖШС маусымдық кезенде 65-тен аса жұмысшыны жұмыспен қамтылса, 65-ке жуық адамды тұрақты жұмыс істейді. Ең қуанарлылығы сол – ол уақытта бұл арада арнайы аппараттардың көмегімен күніне 6 тоннаға дейін сүт сауылып, үлкен нарыққа жол тартпақ. Ол үшін бүгінде отандық орнықты компаниялар «Данон», «Фудмастер» және өзіміздің талдықорғандық «JLC Сүт» ЖШС сүт зауытымен келісімшарт жасалынуда.

Ал ет бағытына келсек, бұл сиырлар негізінен сүт өндірісіне бейімделгеніне қарамастан қазірдің өзінде бір жарым жасар аналығының салмағы 550 – 600 келіні басса, аталықтарының ауырлығы бір тоннадан 200 келіге дейін асуда. Оның үстіне, немістің асыл тұқымды бұл малдары үнемі қолда бағылатындықтан көп мөлшердегі сүтпен қоса, өз салмағына күніне 1300 грамға дейін ет қосады. Демек, мал басы төл есебінен еселене түскенде мұнда ет өндірісінің өркендейтіні, Тастөбе тауарының ауданға ғана емес, республикаға белгілі болары анық.

2016 жылдан бастап іске қосылған «Тастобе Агрофуд» ЖШС –де қазір танда 1191 бас МІҚ бар. Оның ішінде 442 сиыр, 474 басы тана, 275 бас бұзау. Тәулігіне 8,5 тонна сүт өткізіледі,әр сиырдан күніне 19-22 литр сүт сауылады. 9 баз жұмыс жасап тұр. Қазіргі таңда 252 сауынды сиырға арналған баз және 330 бас сиырға арналған алаң (навес) салынуда.

«Тастобе Агрофуд» ЖШС –де қазіргі таңда 1802 гектар ауылшаруашылық жері бар: оның ішінде 765 гектары егістік жер, 399 гектар шабындық, 630 гектар жайылымдық жер.

Шаруашылықта 31 техникасы бар. (3-комбайн, 5-погрузчик, 17- трактор, 6- автокөлік) 2018 жылы 223 млн. 373 мың теңгеге 9 дана ауылшаруашылық техникасы сатып алынды. Барлығы 2018 жылы округымызға 838 млн 760 мың теңге инвестиция тартылды.

Биылғы жылы ЖАЙЛАУҒА шыққан мал саны: МІҚ-432 бас, МҰМ – 184 бас, жылқы – 127 бас.

Мал саны: былтырғы 2017 жылы МІҚ 3366 бас болса, биылғы жылы МІҚ 4115 бас/аналық бас 2075/, жылқы 2017 жылы 634 бас болса, ағымдағы жылы 765 басқа өсті, МҰМ 2017 жылы 1533 болса, биыл МҰМ 1698 бас болды.

Егін шаруашылығы:

         Жүгері 375 га егілді әр гектардан 77 центнерден 2887,5 тонна өнім алынды, арпа 94 га егілді әр гектардан 21 центнерден 197,4 тонна өнім алынды, майлы бұршақ 707 га егіліп әр гектардан 19,7  центнерден 1394,9 тонна өнім алынды, кортоп 51 га егіліп әр гектардан 207 центнерден 1059,3 тонна өнім алынды, көкөніс 33 га, әр гектардан 280  центнерден 925,6 тонна өнім алынды жоңышқа – 609 га, әр гектардан 9,2 центнерден 5635,1  тонна өнім алынды. Барлық егілген жер көлемі 2013 гектарды құрайды.

Ауылымызда шаруашылық техника саны: 11 дана. Оның ішінде: 1 комбайн,      10 трактор.         Округ бойынша 110 шаруа қожалығы тіргелген, 1 ЖШС және 9 жеке  кәсіпкер бар.